Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 61 "Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 375 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысының қабылдануына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 61 «Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы» қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2125 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К.Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады