"Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 04 сәуірдегі N 61 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 сәуірде N 2125 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.12.2015 № 375 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943, «2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулыларына cәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962/И келісімімен және Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 01-29/46 нқ бұйрығымен бекітілген табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі, «Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін арналған жер учаскелерін резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның 2008 жылғы 18 тамыздағы № 7 акті негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы аумағындағы резервіленген жер учаскелерінің орналасу схемасы мен экспликациясына сәйкес (12 – қосымшалар) шекара шегінде жалпы алаңы 68 445,0 гектар, соның ішінде 68 431,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы, 14,0 гектар ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер «Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін  құру үшін жер учаскелері резервте қалдырылсын.
      2. Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына жатқызғанға дейін, резервте қалдырылатын жер учаскелері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіп бойынша пайдаланылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi                             Б. Мұхаметжанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Маңғыстау ауданының әкімі
      Ж.Қ. Айтуаров
      04 сәуір 2012 ж.

      Маңғыстау облыстық орман
      және аңшылық шаруашылығы
      аумақтық инспекциясының бастығы
      Қ.Ә. Әбуов
      04 сәуір 2012 ж.

      Маңғыстау облысының
      жер қатынастары басқармасы
      бастығының міндетін атқарушы
      Б.Р. Тоқшаев
      04 сәуір 2012 ж.

      Маңғыстау облысының табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы
      Е.Т. Жаңбыршин
      04 сәуір 2012 ж.

      Облыстық ауыл шаруашылық
      басқармасының бастығы
      Т. Қалжанұлы
      04 сәуір 2012 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 04 сәуір
№ 61 қаулысына
1-қосымша

(1-қосымшаны қағаз нұсқасынан қараңыз)

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 04 сәуір
№ 61 қаулысына
2-қосымша

Жер экспликациясы

Жерлер категориясы

Жалпы ауданы, га

Соның ішінде

а/ш арнал- ған жерлер

Өзге жерлер

Ауылшаруашылығына арналған, соның ішінде

егіс-тік

шабын-дық

өріс

«Қызылсай» МӨТП

1

«Жармыш» ӨК

65933,2

-

-

56799,2

56799,2

9134,0

2

«Ұштаған» ӨК

1160,9

-

-

1079,6

1079,6

81,3

3

«Ләззат» ш/қ

5,0

-

-

4,3

4,3

0,7

4

Мал айдау жолдары

1331,9

-

-

1158,7

1158,7

173,2


Барлығы:

68431,0






Буферлік аймағы

5

«Уштаған» ӨК

3050,3

-

-

2836,8

2836,8

213,5

6

«Жармыш» ӨК

26385,3

-

-

3168,9

3168,9

23216,4

7

«Алмаз» ш/қ

1072,9

-

-

1072,9

1072,9

-

8

«Кедей» ш/қ

4617,0

-

-

4617,0

4617,0

-

9

«Нысап» ш/қ

1089,0

-

-

1089,0

1089,0

-

10

«Күйікшоқы» ш/қ

1253,0

-

-

1253,0

1253,0

-

11

Мал айдау жолдары

5715,9

-

-

4992,3

4992,3

723,6


Барлығы:

43183,4






Ауылшаруашылығына арналмаған, соның ішінде

егіс-тік

шабындық

өріс



«Қызылсай» МӨТП

12

«Бейнеужолдары» ЖШС

14,0

-

-


-

14,0


Барлығы:

14,0






Буферлік аймағы

13

«Қазақстан темір жолы»ҰҚ» АҚ

223,8

-

-

-

-

223,8

14

«Көлік инфраструктурасын дамыту комитетінің Маңғыстау облыстық басқармасы» ММ

3406,0

-

-

-

-

3406,0

15

Сайөтес селосы

790,8

-

-

703,8

703,8

87,0


Барлығы:

4420,6







      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
МӨТП – мемлекеттік өңірлік табиғи парк
ӨК – өндірістік кооператив
ш/қ – шаруа қожалығы
ЖШС – жауапкерлігі шектеулі серіктестік
АҚ – акционерлік  қоғам
ҰК – ұлттық компания
ММ – мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады