"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 26 қазандағы № 120 ұсынысы негізінде, Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің, "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасының аумағында бруцеллезден сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің 2014 жылғы 7 наурызындағы № 3 "Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылық фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 наурыздағы № 4518 болып тіркелген, 2014 жылғы 03 сәуірде № 14 "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауылдық округ әкімі Қ. Нұртасов