Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің 29.10.2015 № 1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 7 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Ілияс Омаров атындағы ауылдық округiнің әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округiнің, "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ауыл шаруашылық малдарының бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгiленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің" Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алтынсарин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Ілияс Омаров атындағы
ауылдық округінің әкімі К. Нуртасов
КЕЛIСIЛДI
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Алтынсарин аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
____________ Ғ. Сейтханов
"Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің" Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
департаментінің Алтынсарин
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_____________ Б. Мүслімов