Шектеу іс-шараларды тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2015 жылғы 27 қазандағы № 01-26/340 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің Глебовка ауылында орналасқан ірі қара малдың бруцеллез ауруынан таза емес "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағынан шектеу іс-шаралары 2015 жылғы 28 қазаннан бастап тоқтатылсын.
      2. Тобыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

                                                 И. Щуришин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады