Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 5727 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округі әкімінің 28.10.2015 № 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Тобыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылы мекенжайында орналасқан «Тобольское-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. «Денисов ауданы әкімдігіңің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тобыл ауылдық
      округінің әкімі                            И. Щуришин

      КЕЛІСІЛДІ

      «Денисов ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________ В.В. Шерер
      2015 жылғы «26» маусым

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетiнiң Денисов
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Қ.Г. Исмағұлов
      2015 жылғы «26» маусым

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Денисов аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы» республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысының м.а.
      ____________________ С.В. Бакиев
      2015 жылғы «26» маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады