Алматы қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімінің 2015 жылғы 08 шілдедегі № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Алматы қаласы әкімінің аппараты бір апта мерзімде осы шешімді ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

                                             А. Есімов

      Енгізуші:
      Алматы қаласы әкімі аппаратының
      басшысы                                Б. Қарымсақов
      Келісілді:
      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                             Ю. Ильин
      Алматы қаласы әкім аппараты
      заң бөлімі басшысының
      міндетін атқарушы                      Н. Егизекова

      Таратылсын: 2 қабылдау бөлмесіне, Алматы қаласы әкімі аппаратының заң бөліміне, Алматы қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөліміне, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне, Алматы қаласы Әділет департаментіне, Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына.

Алматы қаласы әкімінің
2015 жылғы 08 шілдедегі
№ 3 шешіміне қосымша

Алматы қаласы әкімінің күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімінің «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өнідірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 135 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 474 болып тіркелген, 2002 жылғы 25 қазанда «Алматы ақшамы» «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
      2. Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласы әкімнің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер Алматы қаласының өнідірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 08 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 696 болып тіркелген, 2006 жылғы 2 наурызда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
      3. Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласы әкімнің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № «135 Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер Алматы қаласының өнідірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 75 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 725 болып тіркелген, 2007 жылғы 18 қаңтарда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
      4. Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласы әкімнің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер Алматы қаласының өнідірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 01 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 771 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 сәуірде «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
      5. Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласы әкімнің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өнідірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 25 шілдедегі № 03 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 785 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 тамызда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады