"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 240 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 185 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8 тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 240 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-164 тіркелген, 2012 жылғы 3 тамызда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын іске асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Байғоновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Ғ.Әбдірахымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады