Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 240 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 шілдеде № 14-1-164 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалаcының әкімдігінің 28.10.2015 № 185 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бос жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Л.А.Мақашеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады