Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Северный көшесіндегі ветеринарлық режим мен шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 197 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 01 шілдедегі № 452 ұсынысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Северная көшесінде ветеринарлық режим мен шектеу іс шаралары алынып тасталсын.
      2. "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Т.Қадыров келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Северная көшесіндегі шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринарлык режим белгілеу туралы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 125 каулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г .Акулов
      Келісілді:
      "Ветеринарлық бақылау және қадағалау Т.Қадыров
      комитеті Бородулиха аудандық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      2015 ж. 10 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады