Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 337 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Л. Жұбанышқалиева

  2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 337 Тасқала ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір
қаулыларының тізбесі:

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 440 "Тасқала ауданы бойынша 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3747 тіркелген, 2015 жылғы 9 қаңтарда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 67 "2015 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3876 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 112 "2015 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3937 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады