Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 947 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3316) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 6 қазандағы № 111 (3334) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесінде:
"2007 жылғы 21 шілдедегі" деген сөздер мен сандар "2015 жылғы 4 желтоқсандағы" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарда жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |