Субсидия нормативтерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № А-11/500 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашада № 5035 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/35 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидия нормативтері арттырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ А-11/500 қаулысына 
қосымша         

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидия нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату

килограмм

147

Сүт бағытындағы мал шаруашылығы

1.

Сүт өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей

килограмм

37,5

2)

2-деңгей

килограмм

22,5

3)

3-деңгей

килограмм

15

Ет бағытындағы құс шаруашылығы

1.

Құс еті өндірісінің құнын арзандату

1)

3-деңгей

килограмм

75

Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей

дана

4,5

2)

2-деңгей

дана

3,9

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады