"Жоғары, арнайы - орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүруін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 232 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 16 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының күші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңымен жойылғандығына байланысты, Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі №232 "Жоғары, арнайы - орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүруін бекіту туралы" (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірде № 3-1-46 болып тіркелген, 2006 жылғы 23 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      А. Байсеиітов С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады