2015 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 ақпанда № 4190 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 13.01.2016 № 12 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Ырғыз ауданы бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемі және нақты жағдайлары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Базарбаева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Жансүгірова) 451-002-100 "Қоғамдық жұмыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысты жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі М. ДУАНБЕКОВ

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтар № 4 қаулысына қосымша

2015 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары


Ұйымдар тізбесі
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Орындалатын жұмыс және қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері
Беріл-ген сұра-ныс
Бекітіл-ді
Қоғам-дық жұмысқа қатысу-шының еңбек ақысы-ның көлемі
Қаржы-ландыру көздері
Жұмыс орын саны
Жұмыс орын саны
1
"Тәуіп ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауыл аумағын тазарту
430,0 шаршы метр
1
1
ҚР заңнама-сымен белгілен-ген төменгі еңбекақы
Жергілікті бюджет есебінен қаржылан-дырылады
Халық санағын жүргізу
170 дана
1
1
Ауыл орталығын көгалдандыру
71,6 шаршы метр
1
1
2
"Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Халық санағын жүргізу
178 дана
1
1
Ауыл аумағын тазарту
305,0 шаршы метр
1
1
Ауыл орталығын көгалдандыру
50,8 шаршы метр
1
1
3
"Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауыл аумағын тазарту
600,0 шаршы метр
20
20
Ауыз су құдықтарын тазарту
9 шаршы метр
4
4
4
"Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауыл аумағын тазарту
628,0 шаршы метр
10
10
Ауыл орталығын көгалдандыру
80 шаршы метр
4
4
Ауыз су құдықтарын тазарту
9 шаршы метр
6
6
5
"Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауыл орталығын көгалдандыру
95 шаршы метр
4
4
 
 
Ауыл аумағын тазарту
572,0 шаршы метр
4
4
Халық санағын жүргізу
210 дана
4
4
Ауыз су құдықтарын тазарту
9 шаршы метр
3
3
6
"Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Халық санағын жүргізу
100 дана
3
3
 
 
Ауыл аумағын тазарту
300,0 шаршы метр
3
3
Ауыл орталығын көгалдандыру
50 шаршы метр
4
4
7
"Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Ауыз-су құдықтарын тазарту
18 шаршы метр
11
11
Халық санағын жүргізу
1256 дана
18
18
Ауыл аумағын тазарту
2450,0 шаршы метр
68
68
Ауыл орталығын көгалдандыру
120 шаршы метр
31
31
8
"Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ
Әскерге шақырту қағаздарын тарату
1400 дана
15
15
9
Ырғыз ауданының прокуратурасы
Мекеме аумағын тазарту
270 шаршы метр
2
2
Мекеме аумағын көгалдандыру
24 шаршы метр
2
2
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу
2000 дана
2
2
Ғимаратты тазалауға көмектесу
135 шаршы метр
2
2
10
"Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімі" ММ
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу
2000 дана
4
4
Ғимаратты тазалауға көмектесу
100 шаршы метр
2
2
11
"Ырғыз ауданының әділет басқармасы" ММ
Жылжымайтын мүлікті тіркеу мұрағаты жұмысына көмек
1500 дана
3
3
 
 
Азаматтық хал актілерін тіркеу мұрағаты жұмысына көмек
1000 дана
2
2
12
"Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" ММ
Көгалдандыру, мекеме аумағын көгалдандыру
8 шаршы метр
3
3
13
"Ырғыз аудандық ауылшаруашы-лық және ветеринария бөлімі" ММ
Жеке тұрғындардың малдарын бірдейлендіру жұмысына көмек
9000 дана
4
4
14
"Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" ММ
Салық түбіртектерін жергілікті тұрғындарға тарату
2512 дана
2
2
15
"Ырғыз аудандық білім бөлімі" ММ
Мекеме аумағын көгалдандыру
600 шаршы метр
3
3
16
"Ырғыз аудандық мұрағаты" ММ
Аудандық мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындар-дан түскен істерді тігу
140 шаршы метр
3
3
 
 
17
"Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу
750 дана
2
2
 
 
18
"Ырғыз аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі"ММ
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу
950 дана
4
4
19
"Нұр Отан" партиясы Ырғыз аудандық филиалы
Ұйымның аумағын көгалдандыру
112,9 шаршы метр
2
2
20
"Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваты ММ
Ұйымның аумағын көгалдандыру
1000 дана
4
4
21
"Ырғыз аудандық қаржы бөлімі" ММ
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу
1000 дана
4
4
22
Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаменті Ырғыз ауданының аумақтық бөлім филиалы
Шақырту қағаздарын таратуға көмектесу
1200 дана
2
2
 
Барлығы:
 
 
270
270
 
 

      Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күндерімен 5 күнді құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады