Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 219 "Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 250 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 219 "Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қарашада № 4595 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      Мәслихат сессиясының Аудандық
      төрағасы мәслихаттың хатшысы
      А. АЛИЕВ Л. ИСМАҒАМБЕТОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады