1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағындағы "Данияр-С" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 23 "Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағында орналасқан "Данияр-С" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпанда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Ойыл ауылдық округінің әкімі: | И.Сабиржанов |