Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 29-қыркүйектегі "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 52-1 шешімінің (2015 жылғы 28 қазандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3507 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашадағы № 45 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың | |
57-сессиясының төрайымы | А.Газиева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә.Талқамбаев |