Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 03.08.2016 № 294 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданында орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А.С. Сәрсембаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Сарқан ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Тертюбаев Оралбек Шабденұлы |