Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 14 мамырдағы № 149 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1620 болып тіркелген, 2005 жылдың 11 маусымында облыстық "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Жанкеге жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |