РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" N 110 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы әкімиятының кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 24 ақпандағы "Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы" N 49 қаулысында (2005 жылғы 16 наурызда N 1577 тіркелді):
4-тармақ алынып тасталсын.
2) Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 17 наурыздағы "Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы" N 84 қаулысында (2005 жылғы 8 сәуірде N 1600 тіркелді):
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіреуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
Облыс Әкімі | Б. Жексембин |