"Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №13 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 212 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №13 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2563 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 наурызда "Ақ жол" газетінде жарияланған, 2015 жылдың 1 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады