Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 03 қаңтардағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" №3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2497 болып тіркелген, 2015 жылдың 05 наурызында "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Уркумбаев Әбдікерім Құлтайұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Құлекеев |