Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 2497 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 05.01.2016 №5 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қағидасының 50 тармағына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Б. Құлекеев

   


Жамбыл облысы
Жуалы ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 05 қаңтардағы
№ 3 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау

      1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленген және коммуналдық объектілерін мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының (тұрғын емес қорын) жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, мұндағы:
      Бс – базалық ставка:
      1) тиісті жылға Жуалы ауданының аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      S – жалға берілетін алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық объектілері мүлкінің теңгерім ұстаушысы жалға алушы алып отырған үй-жайлар өлшемдері үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      3. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
 

N
 

Коэффициенттер түрі
 

Коэффициент көлемі
 

1.
 

Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт.):
 


1.1. кеңсе
 

1,0
 

1.2. өндірістік
 

0,8
 

1.3. қойма, қазандық
 

0,6
 

2.
 

Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 


2.1. жеке тұрған құрылым
 

1,0
 

2.2. жапсыра-қоса салынған бөлік
 

0,9
 

2.3. цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі
 

0,7
 

2.4. жертөле бөлігі
 

0,6
 

3.
 
 

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 


3.1. техникалық-инженерлік құрылғылармен толық қамтамасыз етілген жағдайда (орталық жылу жүйесі, жылы су, су құбырлары, кәріздер мен электр қуаты)
 

1,0
 

3.2. аталған қызмет түрлерінің біреуі болмаған жағдайда
 

0,9
 

3.3. аталған қызметердің ешқайсысы болмаған жағдайда
 

0,7
 

4.
 
 

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (К.р.)
 


4.1. аудан орталығы үшін:
 

1,0
 

4.2. кент, ауыл
 

0,8
 

5.
 

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кв.д.)
 


5.1 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсету үшін "Казпошта" АҚ, банкоматтар, терминалдар және ұялы байланыс операторлары үшін (антенналар)
 

3,5
 


5.2 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін
 

3,0
 


5.3 сауда, қонақүй қызметтерін ұйымдастыру үшін қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру үшін шектеулі қолжетімділікпен мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында қызметкерлердің тамақтандырылуын ұйымдастыру үшін
мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
 

2,5
1,2
1,1
0,5
 


5.4 келесі саладағы қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым мен жоғары білім беру
орта деңгейдегі білім беру
мектепке дейінгі білім беру
5.5 денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тігін бұйымдары және БАҚ саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
5.6 мынадай тармақшаларда 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5 көрсетілмеген қызмет түрлерін үйымдастыруға
 

1,0
0,5
0,5
1,0
2,0
 

6.
 
 

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 


6.1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 

0,5
 

6.2 өндірістік қызметті ұйымдастыру және сату-сатып алу (делдалдық қызмет) есептемегенде халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін (делдалдық қызмет) шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін
 

0,9
 

6.3 мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан түскен 90 проценттен кем емес табыс алатын акцияларының елу және одан көп проценті (қатысу үлесі) немесе акцияларының бақылау пакеті акционерлік қоғамдар үшін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)
 

1,0
 

6.4 мынадай тармақшаларда 6.1, 6.2, 6.3 көрсетілмеген құқықтық үйыдастырушылық формасымен жалдаушылар үшін
 

1,0
 

      4. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі; С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ құрал-жабдық пен көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24, мұнда:
      Ач – сағатына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
      Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
      Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебі жалдайтын шаршы метр алаңды 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
      Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады