"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 бұйрығының және "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 тамыздағы № 457 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 581 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6391 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 1 қыркүйекте № 353-355 (26198) жарияланған);
      2) «Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот- медициналық сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 тамыздағы № 457 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8664  болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 13 қарашада № 252 (28191) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
      1) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                           Т. Дүйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады