"Жоғарғы оқу орындарын жіктеу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 628 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 367 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 628 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12285 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қарашада жарияланған).
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады