Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 6 қарашадағы № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қарашада № 12285 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 367 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2016 № 367 бұйрығымен.

      «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Министрдің міндетін атқарушы              Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 қарашадағы
№ 628 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленген.
      2. Критерийлер елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуындағы олардың маңыздылығын анықтау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) арналған. Критерийлер әскери және арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
      3. Критерийлер көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын, ЖОО-лардың білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің тиімді пайдаланылуын бағалауға негізделген.
      4. Критерийлер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы жетекші халықаралық QS World University Rankings және Times Higher Education World University Rankings рейтингтерінің әдістемелерін есепке ала отырып әзірленген.
      5. Критерийлер мынадай ЖОО түрлеріне арналып әзірленген:
      1) ұлттық зерттеу университеті;
      2) зерттеу университеті;
      3) ұлттық жоғары оқу орны;
      4) университет;
      5) академия;
      6) институт
      7) жоғары оқу орындарына теңестірілген ұйымдар (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).
      6. Ұлттық зерттеу университетінің критерийлері:
      1) ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
      2) бес жылға арналған даму бағдарламасының жобасы бар;
      3) мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады;
      4) жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады;
      5) лицензиат негізі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан ғылыми дәрежелі және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі - 70%-дан кем емес;
      6) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 15%-дан кем емес;
      7) білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында білім алатын магистранттардың және докторанттардың үлесі - 15% -дан кем емес;
      8) Times Higher Education World University Rankings рейтингісіне сәйкес әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіретін шетелдік ЖОО – әріптестердің қатысуымен әзірленген жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың үлесі – 20%-дан кем емес;
      9) ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санындағы шақырылған шетелдік оқытушылар мен зерттеушілердің үлесі – 12%-дан кем емес;
      10) шетелдік оқытушылармен/зерттеушілермен бірлескен авторлықтағы ғылыми мақалалардың үлесі - соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы санынан 10%-дан кем емес;
      11) тиісті мамандық немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы;
      12) соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар санының ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санымен арақатынасы – 1:3-тен кем емес;
      13) соңғы 5 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі – 2.0 кем емес;
      14) ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бірлігіне шаққанда соңғы 3 жыл ішінде жеке компанияларға, ұйымдарға және қорларға (соның ішінде халықаралық) жұмыстарды орындау/қызметтер көрсету нәтижесінде алынған жалпы табыс сомасы – ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бірлігіне – 500 мың теңгеден кем емес.
      7. Зерттеу университетінің критерийлері:
      1) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 10-бабына сәйкес;
      2) бес жылға арналған даму бағдарламасының жобасы бар;
      3) мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады;
      4) жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланады;
      5) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      6) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 70%-дан кем емес;
      7) білім алушылардың жалпы контингентінен үлесінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында білім алатын магистранттардың және докторанттардың үлесі – 10%-дан кем емес;
      8) Times Higher Education World University Rankings рейтингісіне сәйкес әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіретін шетелдік ЖОО – әріптестердің қатысуымен әзірленген жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың үлесі – 15%-дан кем емес;
      9) ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санындағы шақырылған шетелдік оқытушылар мен зерттеушілердің үлесі - 10%-дан кем емес;
      10) шетелдік оқытушылармен/зерттеушілермен бірлескен авторлықтағы ғылыми мақалалардың үлесі - соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы санының 7%-дан кем емес;
      11) тиісті мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы;
      12) соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар санының ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санымен арақатынасы: 1:4-тен кем емес;
      13) соңғы 5 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі – 1.8 кем емес;
      14) ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бірлігіне шаққанда соңғы 3 жыл ішінде жеке компанияларға, ұйымдарға және қорларға (соның ішінде халықаралық) жұмыстарды орындау / қызметтер көрсету нәтижесінде алынған жалпы табыс сомасы – ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бірлігіне 300 мың теңгеден кем емес.
      8. Ұлттық жоғары оқу орнының критерийлері:
      1) ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
      2) елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылады
      3) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      4) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 55%-дан кем емес;
      5) тиісті мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы.
      9. Университеттің критерийлері:
      1) мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асырады;
      3) ғылыми және әдістемелік орталық болып табылады;
      4) лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан, ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 50%-дан кем емес;
      5) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      6) тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы.
      10. Академияның критерийлері:
      1) мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан, ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 50%-дан кем емес;
      3) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      4) тиісті мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы.
      11. Институттың критерийлері:
      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      3) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан, ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 45%-дан кем емес;
      4) тиісті мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы.
      12. Жоғары оқу орындарына теңестірілген ұйымдардың критерийлері (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище):
      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      3) жоғары оқу орны негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар санынан, ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі – 45%-дан кем емес;
      4) тиісті мамандық бойынша немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады