Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 13/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 44/01 "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 18 тамыздағы № 116 (21867) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 18 тамыздағы № 130 (22015) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған);
      2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 32/07 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 маусымдағы № 89-90 (21840-21841) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 23 маусымдағы № 103 (21988) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады