Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 32/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда № 3277 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 13/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.03.2016 № 13/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төмендегі:
       1) басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      2) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 37/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінді № 2701 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 5 тамыздағы № 135 (21656) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 5 тамыздағы № 146 (21780) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі
Н. Әбдібеков

      
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________ А. Мамытбеков
      15 маусым 2015 жыл
      

 
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 32/07 қаулысына
1-қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

р/н

 
Басым дақылдардың атауы
 
1
 
арпа
2
 
сұлы
3
 
масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**)
4
 
дәнді-бұршақ дақылдар
5
 
жармалық дақылдар (қарақұмық)
6
 
біржылдық шөптер
7
 
көпжылдық шөптер
8
 
сүрлемдік жүгері
9
 
майлы дақылдар (қүнбағыс, шашақты зығыр, мақсары)
10
 
көкөністік - бақша дақылдары
11
 
1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
12
 
2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
13
 
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
14
 
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар)
15
 
картоп

      
      * азыққа
      ** пішендемеге

 
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 32/07 қаулысына 2 қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)

р/н

 
Басым дақылдардың атауы
 
1 гектарға бюджеттік субсидия (базалық) нормалары, теңге
 
1
 
арпа
 
2 500
 
2
 
сұлы
 
2 500
 
3
 
масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**)
 
2 000
 
4
 
дәнді-бұршақ дақылдар
 
2 500
 
5
 
жармалық дақылдар (қарақұмық)
 
2 500
 
6
 
біржылдық шөптер
 
8 000
 
7
 
көпжылдық шөптер
 
8 000
 
8
 
сүрлемдік жүгері
 
10 000
 
9
 
майлы дақылдар (қүнбағыс, шашақты зығыр, мақсары)
 
3 000
 
10
 
көкөністік - бақша дақылдары
 
20 000
 
11
 
1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында тағы өсірілетіндерден басқасы)
 
80 000
 
12
 
2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
 
30 000
 
13
 
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
 
4 000 000
 
14
 
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар)
 
1 960 000
 
15
 
картоп
 
4 500
 

      
      * азыққа
      ** пішендемеге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады