"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
еңбек рыногындағы талап етілмейтін және ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
жас отбасылар (29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар);
жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген, 45 жастан асқан әйелдер;
қоғамдық жұмыстарға тартылған, бірақ жұмысқа орналастырылмаған адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Қ. Балмағамбетов |