Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 18.11.2014 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 және 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 18.11.2014 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С.Т. Медебаев |
"Келісілген" | |
Сәтбаев қалалық мәслихатының | |
хатшысы | С.С. Имамбай |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/09 қаулысына қосымша |
Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 18.11.2014 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаудағы техниктер, аудармашы, бағдарламашы, бухгалтер, іс жүргізуші, экономист, зертханашы, оқытушы, хатшы-машинист.