Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы18 қарашадағы № 21/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 2877 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 05/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 05/04 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-95 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Шарайна" газетінің № 7 (1768) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi туралы";
      2) қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
      3) қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сәтбаев қаласы әкімнің м.а.
А.А. Ким

      
      "Келісілген"
      Сәтбаев қалалық мәслихатының
      хатшысы
      Т.И. Хмилярчук
      2014 жылғы 18 қараша

 
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 21/01 қаулысына
қосымша
 
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
№ 01/09 қаулысына
қосымша

Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаудағы техниктер, аудармашы, бағдарламашы, бухгалтер, іс жүргізуші, экономист, зертханашы, оқытушы, хатшы-машинист.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады