Осакаров ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы "Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі сауда үшін орындарының тізімін бекіту туралы" № 07/01 қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 11/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы "Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі сауда үшін орындарының тізімін бекіту туралы" № 07/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 20 (7244) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В. Абилсеитоваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады