Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 1363 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Н. Делмұхановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 8 сәуірдегі
  № 1363 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің жойылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыс тобы туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 609 қаулысы;

      2. "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 480 қаулысы;

      3. 2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 1065 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады