"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 5 ақпанда № 5335 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 13, 2016 жылғы 20 ақпандағы № 14 және 2016 жылғы 24 ақпандағы № 15 сандарында ресми жарияланған);
2) "2016 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 16-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемцлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 ақпанда № 5346 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 13 санында ресми жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |