2016 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 16-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 5346 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 84-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 84-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы "27" қаңтардағы
№ 16-қ қаулысына қосымша

2016 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Жасы елуден асқан жұмыссыз адамдар;
      2. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін адамдар;
      3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан артық);
      4. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады