"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 бабына сәйкес Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | Н. ШАМҰРАТОВ |
Қазалы ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы "20" мамырдағы | |
№ 109 қаулысына қосымша |
Қазалы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 23 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4868 тіркелген, "Тұран - Қазалы" газетінде 2015 жылы 11 наурызда жарияланған) қаулысы.
2. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы N 55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4944 тіркелген, "Тұран - Қазалы" газетінде 2015 жылы 22 сәуірде жарияланған) қаулысы.
3. "Қазалы ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі N 198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5118 тіркелген, "Тұран - Қазалы" газетінде 2015 жылы 23 қыркүйекте жарияланған) қаулысы.
4. "Қазалы ауданының ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы N 297 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5250 тіркелген, "Қазалы" газетінде 2016 жылы 16 қаңтарда жарияланған) қаулысы.