Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 20.05.2016 № 109 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Мақашов |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "10" наурыздағы № 55 қаулысымен бекітілген |
"Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм мен сауда қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қазалы ауданының әкімдігі болып табылады.
3. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқықығы бар.
7. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, № 5 үй.
"Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;
3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, қызметін үйлестіру;
4) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
5) ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
6) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
16. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинақтап, талдап және оны "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсыну;
11) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
13) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
14) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
15) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;
21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) кәсіпкерліктің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, несие және грант алуға кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
3) мүдделі органдармен келісе отырып, уақытша жұмысшы топтар құрылуына ықпал ету, үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері дамуының, сауда қызметтерінің проблемалары жөнінде кеңес-семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуін ұйымдастыру;
4) кәсіпкерлік, туризмді дамыту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыру;
5) бөлім қызметі мәселелері бойынша аудан басшылығының және аудан әкімдігінің отырыстарының қарауына ұсыныстар енгізу;
6) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;
7) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыру;
8) меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсіпкерлік пен сауда қызметтерін дамыту мәселері бойынша кәсіпорындар қызметіне талдау жасауға және мониторинг жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі және облыс әкімдігі, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерін орындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсіпкерлік кәсіпорындарынан және сауда қызметтерінен қажетті ақпарат сұрау және алу;
Міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалардың "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
3) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
4) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді мен жүзеге асырады;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
1) қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді және бекітеді;
2) қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
5) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
7) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
10) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11) "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен жергілікті атқарушы органның, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. Қазалы ауданының әкімдігі "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
"Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Қазалы ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.