Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. " Қарақия ауданы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1- тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Әкім | А. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сабытова Дина Жаумбайқызы
19 ақпан 2016 жыл
Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпан № 47 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ержесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 қаңтарында № 2599 нөмерімен тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 9-10 (636-637) "Қарақия" газетінде жарияланған).2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 92 "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ержесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік мекемесінің тізілімінде 2015 жылғы 13 сәуірінде № 2686 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 32-35 (659-662) "Қарақия" газетінде жарияланған).