Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару таралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуіріндегі № 113 қаулысының (Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылдың 22 мамырында № 2426 болып тіркелген, 2014 жылғы 05 маусымында "Қарақия" газетінде № 30-31 (593-594) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдансын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі | Ә.Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Ә.Әбдіхалықова
"03" наурыз 2016 жыл.