Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 113 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 2426 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 наурыздағы № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 03.03.2016 № 58 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекітілсін.
      2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың бекітілген тізім бойынша таза табыстарын жергілікті бюджетке толық көлемде аударылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) қаулыны әділет органдарында тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Түркменбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Ә.Дауылбаев

      КЕЛІСІЛДІ"
      "Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Е. Бегниязов
      21 сәуір 2014 ж.

      "Қарақия аудандық тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушы көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Р. Сантай
      21 сәуір 2014 ж.

      "Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Ә.Әбдіхалықова
      21 сәуір 2014 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
21 сәуір 2014 жылғы
№ 113 қаулысына қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударатын таза табыс бөлігінің ең төменгі мөлшері

Таза табыс 0 теңгеден 500 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 3 пайыз
Таза табыс 500 001 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 1 000 001 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 7 пайыз
Таза табыс 2 000 001 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 10 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін
300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
1 140 000 теңге + 10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
7 140 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
47 140 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады