Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 10-11-489 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 11/137 "Ойын бизнесі түрлерінен алынатын салық ставкаларының мөлшері туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 12 наурызда № 11-5-71 болып тіркелген, аудандық "Жаңа өмір" газетінің 2009 жылғы 08 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2."Маңғыстау аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (Е.Қалиев) осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Ордабаева |
Аудандық Мәслихаттың хатшысы | А.Сарбалаев |