Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ойын бизнесі түрлерінен алынатын жиынтық салық ставкаларының мөлшері жалғанған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Аудандық Мәслихат хатшысы |
К.Бесбаев | Ж. Жапаков |
КЕЛІСІЛДІ:
Тулеугалиев Рашид Бектурович
Маңғыстау аудандық салық басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
10 ақпан 2009 ж
"Ойын бизнесі түрлерінен алынатын жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 10 ақпандағы N 11/137 шешіміне қосымша |
Ойын бизнесі түрлерінен алынатын жиынтық
салық ставкаларының мөлшері туралы
(айлық есептік көрсеткіш)
N | Салық салу обьектінің атауы | Салық жиынты-ғының базалық ставкасының ең төменгі мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін дербес компьютерлер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |