Қарасу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 83 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-зі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабынын 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшағы сәйкес Қарасу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шәмшиев

  Қарасу аудан әкімдігінің
2016 жылдың 21 сәуірдегі
№ 83 қаулысына қосымша

Қарасу ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 193 "Интернаттық ұымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымдағы № 9-13-152 тіркелген, 2012 жылғы 20 маусымдағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
      2. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 194 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымдағы № 9-13-153 тіркелген, 2012 жылғы 20 маусымдағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады