Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 193 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда № 9-13-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № 83 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасу ауданында бар жұмыс орындардың жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі А. Сейфуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады