Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 469 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5912 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 16 қаулысымен (қол қойылғаннан кейін күшіне енеді).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Исабаев

Әкімдіктің          
2015 жылғы 1 қыркүйектегі  
№ 469 қаулысымен бекітілген 

Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің осы Ережеге қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Школьная көшесі, 40 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      2) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      5) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      6) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      7) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      9) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомствоның функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысаны, мектепке дейінгі тәрбиесі қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынады;
      2) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қостанай ауданы әкімдігінің 
"Білім бөлімі" мемлекеттік  
мекемесі туралы ережеге  
қосымша          

Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
тізбесі

      1) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Александров орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Борис-Роман орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Владимиров орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Воскресенов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Глазунов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Жамбыл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Жданов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Заречный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі;
      10) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№ 1 Затобол орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№ 2 Затобол орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Затобол мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
      13) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі" (мектеп жанындағы интернатымен) мемлекеттік мекемесі;
      14) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Красный Октябрь орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Майкөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Мичурин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Московский орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Надеждин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Озерный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Половников орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Садовый орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Садчиков орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Семенов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Совхоздық орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Ульянов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Шеминов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Шишкин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Абай негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Алтынсарин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Балықты негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Бегежан негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      32) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Белозер негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      33) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Давыденов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      34) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Жуков негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      35) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Константинов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      36) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Молоканов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      37) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Нечаев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      38) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Озерный негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      39) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Рыспай негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      40) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Светлоджаркул негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      41) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Сормов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      42) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Сергеев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      43) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Васильев бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      44) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Киров бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      45) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Красный Передовик бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      46) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Ленин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      47) "Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Новоселов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      48) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Осинов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      49) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Рыбин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      50) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Рязанов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      51) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Самир бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      52) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Суриков бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      53) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Талапкер бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      54) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Алтын бесік" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      55) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      56) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      57) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Петушок" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      58) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шапағат" бала бақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      59) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Балалар музыкалық мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      60) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Балалар шығармашылық Үйі" мемлекеттік мекемесі;
      61) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Қостанай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады