Мәслихаттың 2014 жылғы 7 қазандағы № 238 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 367 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының б-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 7 қазандағы № 238 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгiлеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5131 тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашада "Арна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   С. Кульбеков

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады