Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 4 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 ақпанда № 9-16-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 94 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Науырзым ауданындағы жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Балғарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады