Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 05.02.2016 № 47/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Әутәліпов |