1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Тұралинов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыз № 208 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулысыларының тізбесі
1. "Ақжар ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 172 қаулысы (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде 2013 жылғы 19 маусымдағы 2298 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 21 маусымдағы № 25 "Акжар Хабар", "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған);2. "Ақжар ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 136 қаулысы (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде 2011 жылғы 07 маусымдағы 13-4-122 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 02 шілдедегі № 27 "Ақжар Хабар", "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған);
3. "Ұлы Отан Соғысының 65-жылдық Жеңісіне азаматтардың жекелеген санаттарына біруақытта материалдық көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 08 сәуірдегі № 87 қаулысы (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде 2010 жылғы 23 сәуірдегі 13-4-98 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 24 сәуірдегі №18 "Ақжар Хабар", "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған);
4. "Ақжар ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 305 қаулысы (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде 2012 жылғы 17 қазандағы 1907 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 17 қарашадағы № 44 "Ақжар Хабар", "Дала Дидары" газеттерінде газетінде жарияланған).